Зейнетке шығу жасының өзгеруі туралы ақпарат – жалған

790

0

Қазақстандағы зейнетке шығу жасы қысқаратыны туралы хабарлама түсірілген скриншот әлеуметтік желі мен мессенджерлерде тарап жүр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Stopfake.kz сайтының хабарлауынша, Facebook қолданушысының бірі парақшасында жариялаған скриншотта ер адамдар 61 жаста, әйелдер 57 жаста зейнетке шығады делінген. Мәтінмен бірге Қазақстан Президентінің суреті берілген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпартты жоққа шығарды.

«Бұл – фейк, зейнетке шығу жасының өзгерісі туралы ешқандай сөз болған жоқ», – деп мәлімдеді министрлік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<