Соңғы мәлімет бойынша, елімізде 2 миллионнан астам зейнеткер тұрады. Олар Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлеуден босатылды, өйткені жеңілдік санатына кіреді. Олар үшін жарналар мен аударымдарды мемлекет төлейді.
Зейнетақы төлемдерін алушылардың жеңілдікті санаттары «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 10-бабында белгіленген, оларға келесі тұлғалар жатады:
- 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін зейнетақы алатындар;
- зейнеткерлік жасты кезең-кезеңмен арттыруды ескере отырып, 63 жасқа толған ерлер мен әйелдер;
- әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдшерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген және біліктілік сыныптары белгіленген қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар адамдарға төленеді.
Жұмыс істейтін зейнеткерлерден, оның ішінде жеке кәсіпкерлерден МӘМС-ға жарналар төлемейтін атап өту маңызды.
Сондай-ақ емханаларға тіркелу науқанының осы кезеңінде зейнеткерлер бастапқы медициналық – санитариялық көмек көрсету ұйымына емханаға тікелей хабарласып, өтініш жазу арқылы тіркеле алады.
Егер медициналық ұйым сізге қызмет көрсетуден бас тартылса немесе олар сапасыз көрсетілсе, 1406 байланыс орталығына хабарласыңыз немесе бізге «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасында жазыныс.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ
облыс бойынша филиалдың
халықты ақпараттандыру және
өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<