Зерделеу жұмыстары жүргізіледі

471

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте елді мекендерді абаттандыру, дамыту, тапсырмалардың орындалуы талқыланды.

Аймақ басшысы барлық елді мекеннің санитарлық тазалығына зерделеу жүргізілетінін ескертті.

– Әкімшілік аумақтағы барлық елді мекеннің санитарлық тазалығын қатаң бақылауға алып, тұрақты түрде көркейту-көгалдандыру, әктеу-сырлау жұмыстарын жүргізіңіздер. Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері жол бойындағы ой, шұңқыр, жол белгілерінің барлығын қарап шығып, кемшіліктер болған жағдайда шұғыл қалпына келтіріңіздер. Барлық басқарма, аумақтық департаменттер, республикалық мекемелердің облыстағы филиалдары ортақ іске жұмылдырылуы қажет. Облыс әкімінің орынбасарлары, қала әкімдігі бұған дейінгі бөлініс бойынша барлық сектордағы  тазалықты қадағалап, тиісті жұмыстардың атқарылуын қамтамасыз етіңіздер, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Облыс әкімі аппаратына күнделікті зерделеуді әрі қарай жалғастырып, анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша ұсыныс беру тапсырылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<