Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің сынақ зертханасы 2019 ж Қазақстан Республикасының Аккредиттеу жүйесінде «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзіреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» ГОСТ ISO/IEK 17025-2019 талаптарына сәйкес қайта аккредиттеуден өтіп аккредиттеу аттестатын алды.
Аккредиттеу саласына байланысты су көздері бойынша-61, топырақ ластануы бойынша-30, атмосфералық ауа бойынша-28, өнеркәсіптік шығарындылар-12, радиациялық қауіпсіздік бойынша-альфа бөлшектері, автокөліктен шығатын газдардың шығарындыларына-3компоненттерге талдау жұмыстары жүргізіледі.
Бүгінгі күні зертхана құрамында 42 құрал-жабдықтары бар.
2021 жыл бойынша зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің сынақ зертханасында мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімімен бірлесіп 23 тексеру жүргізді.
Мемлекеттік экологиялық бақылау барысында департаменттің зертхана бөлімі мамандарымен 509 үлгі алынып, 972 анықтаулар жүргізілді.
Сонымен қатар, департаменттің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, Қызылорда облысы әкімдігі тарапынан «ГАЗ-27057-758» маркалы автокөлігінде орнатылған жылжымалы экологиялық лаборатория 2018 жылы қолданысқа берілді. Аталмыш жылжымалы лаборатория қазіргі заманға сай жаңартылған заманауи 10 бірлік құралдармен жабдықталған. (Спектрофотометр ПЭ-5400УФ,Метеометр МЭС-200А, Газоанализатор OPTIMA, Портативный кондуктометр АНИОН-7051, Газоанализатор «Полар ExT», Газоанализатор Автотест-01,Спектрофотометр DR-3900HACH, Газоанализатор ГАНГ-4, Дозиметры-радиометр ДКС-96, МЕТА-01МП 0.2 Т)
Департаменттің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімі қайта аккредиттеу кезінде аккредитация аумағын атмосфералық ауа бойынша күкіртсутегі және көміртек оксиді, топырақ бойынша ауыр металдар ванадий, мышьяк, сиронций-ге жоғарыда аталған құрал-жабдықтарға сәйкес кеңейтілді.
С.Нұрлыбаева,
департаменттің бас маманы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<