Зерттеудегі жемісті жартыжылдық

689

0

Елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы енгізілгеннен кейін Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Б.С. Досманбетовтың бастамасымен Қызылорда «Болашақ» университетінде бағдарламалық құжатқа қатысты зерттеулер жүргізіле бастады. 2017 жылы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығы «Сананы жаңғырту бағыттарының мәні, мазмұны және түсініктері» атты ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асыра бастады. Жобаға саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ө. Насимов жетекшілік жасады.

Жобаның зерттеу тобы үш жыл ішінде 34 зерттеу жұмыстарын жариялады, оның ішінде 1 монография, 1 оқулық, Скопус базасында индекстелетін шет елдік журналдарда 3 мақала, ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК тізіміндегі журналдарда 18 мақала, шет елдік жəне отандық өзге журналдарда 7 мақала, ғылыми-тəжірибелік конференция материалдарында 4 баяндама жарық көрді. Жоғары оқу орындарының студенттеріне бағытталған «Рухани жаңғыру: қоғамдық сана мен тарихи сананы жаңғырту» арнайы курсы әзірленіп, Қызылорда «Болашақ» университетінің барлық студенттеріне 2018-19 оқу жылынан оқытыла бастады. Университеттің бұл бастамасына өзге оқу орындары қызығушылық танытты. 2020 жылы «Рухани жаңғыру: қоғамдық сана мен тарихи сананы жаңғырту» арнайы курсының оқулығы жарық көрді.

2021 жылы жоба бойынша ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК тізіміндегі журналдарда 5, Халықаралық ғылыми журналдарда 4, ғылыми-тəжірибелік конференция материалдарында 3 баяндама жарияланды. Осы жылы жоба тақырыбының атауы «Ұлттық рухани жаңғыру: қоғамдық сана мен тарихи сананы жаңғырту» ынталы жобасына өзгертілді. Меншікті қаражат есебінен қаржыландырылатын осы ынталы жоба «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығына» (ҰМҒТСО) тіркелді. Өткен жылы аталмыш жоба бойынша «Жаңа технологиялық тәртіп шарттарындағы ақпарат және киберәлеуметтену» монографиясына авторлық куәлік алынды. ҒЖБССҚК тізіміндегі журналдарда 2, Халықаралық және республикалық ғылыми журналдарда 3, ғылыми-тəжірибелік конференция материалдарында 5 баяндама жарық көрді.

Осы жартыжылдықта жобаның зерттеу тобы жемісті жұмыстар атқарып жатқанын айтқымыз келеді. Скопус базасында индекстелетін «Education Research International» журналында «Future teachers’ spiritual worldview formation factors» атты мақала жарық көрді. Бұл зерттеуде болашақ мұғалімдердің рухани дүниетанымын қалыптастыру факторлары қарастырылады. ҒЖБССҚК тізіміндегі журналдарда 2 мақала жарияланып үлгерді. Аталмыш зерттеулерде ұлттық құрылыстың мәні және негізгі түсініктеріне мән беріліп, ұлтшылдық және ұлттық құрылыстың өзара байланыстарына сапалық контент-талдау жасалған. Ғылыми-тəжірибелік конференция материалдарында ғылымдағы әл-Фараби мұрасына жасалған библиометриялық талдау, Т. Жүргенов қызметіне арналған жалпы 3 баяндама жарияланды.

«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<