Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу

399

0

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу  ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 9-шы  бабында адам құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшін заңдық факт басталған, оның ішінде шартты нотариат куәландырған, сот шешімі күшіне енген, өзге де құқық белгілеуші құжаттар берілген сәттен бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуі тиістілігі көрсетілген.

Құқыққа қарсы қол сұғудан азаматтардың қорғалғандығы мен мемлекеттің мүдделерін жоғарылауға, әкімшілік-деликттілік заңнаманы жаңарту мен жетілдіруге бағытталған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 460-бабына 2018 жылдың 09 ақпанында өзгерістер енгізілді.

Аталған өзгерістерге сәйкес, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттардың тіркелу  мерзімі бұзылған жағдайда ескерту жасауға әкеп соғады, алайда ол жағдай жыл көлемінде қайталанып жасаған сәтте жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

М.БОЗАЙҚЫЗЫ,

Қызылорда қалалық 

әділет басқармасының бас маманы,

ҚР Заңгерлер одағының мүшесі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<