Жаңа қала – жасампаз жоба

503

0

Мұнан соң облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев сол жағалауда орналасқан Қызылорда қаласының тарихи музейін аралап көрді. 

Екі жүз жылдан астам тарихы бар шаһардың өткені мен бүгінінен сыр шертетін мұражай Қамысқаладан бастап, Ақмешіт, Перовск кезеңдері дерегіне толы. Сондай-ақ, аймақтан шыққан қоғам қайраткерлері, әдеби тұлғалар мен тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы өңірдің жеткен жетістіктері де  осында сақталған.

Басқарма төрағасы бұдан бөлек Сырдария өзенінің сол жағалауында салынып жатқан жаңа қаланың жоспарымен де танысты. Танысу ба­рысында  құрылыс алаңы 1532 гектар жерді құрайтын аумақтың 500 гектарында құры­лыс жұмыстары  қарқынды жүргізіліп жатқандығы айтылды. Оның ішінде жеке инвестициялардың қаржысы есебінен 18 көпқабатты тұр­ғын үйдің, «Болашақ» уни­верситеті кампусының және мемлекеттік-жекеменшік әріп­тестік шеңберінде 320 орындық балабақшаның, мемлекет қар­жысы есебінен Жастарға қыз­мет көрсету орталығы мен қажетті инфрақұрылымдардың құрылысы  жүргізіліп жатқан­дығы сөз етілді.

Айта кету керек, 2019-2020 жылдары сол жағалауда бірқатар көпқабатты үйлер, мектептер,  неке қию сарайы, балабақша, физика-математикалық мектеп, сауда-ойын сауық кешенін салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, биыл  саябақтар мен демалыс орындары бой түзеп, қаланың ажарын аша түсетін болады.

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<