«Елбасының саясаты мен бағытын ұстана отырып ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау Комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалымен оның бөлімшелерінде ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылуда. Яғни Біріңғай Кедендік одаққа, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты және халықаралық стандарт бойынша жұмыс жасау үшін соңғы жылдары біршама күрделі жұмыстар атқарылып келеді», – дейді Ұлттық сараптама орталығының облыс бойынша филиал директоры Фарида Қалиева.
«Ұлттық сараптама орталығы» филиалы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді, рұқсат беру құжаттарын қарау тәртібі «Кеңсе арқылы» жүргізіледі. Кеңсенің жұмыстарын жүргізуге және ғимараттың кіреберісіне өткізу үшін арнайы күзет мекемесімен келісім-шарт жасалған. Сонымен қатар, сараптама орталығында жеке және заңды тұлғаларға консультация жүргізуге арналған кабинет бөлініп, бейне бақылаумен қамтамасыз етілді. Мекеме мамандарының өтініш берушілермен байланысын болдырмау мақсатында рұқсат ету құжаттарын тіркеуге және беруге жауапты мамандар бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
Мекеменің көрнекті жеріне Комитет төрағасының, төраға орынбасарларының және облыстық, аудандық филиалдарының «Сенім телефондары», электрондық пошталары мен арыз-шағым жәшігі орнатылған. Филиал директорының бұйрығымен орталықта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында зертханаларға әкелінген сынамалар «бір терезе» арқылы қабылданады.
Бекітілген кестеге сәйкес директор мен орынбасары «Азаматтарды жеке қабылдау кестесі» арқылы қала, аудандар кәсіпкерлерімен және тұрғындармен кездесу ұйымдастыруда. 2017-2018 жыл аралығында «Ұлттық сараптама орталығы» Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтар тіркелмеген. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықты уақтылы анықтау, болдырмау және алдын алу шараларын іске асыру мақсатында әрбір қызметкер өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы мекеме басшысына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлау – негізгі міндеттері болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талаптарының орындалуы қазіргі уақыттың өзекті мәселесі ретінде, еліміздегі әлеуметтік және саяси тұрақтылықты одан әрі нығайту, азаматтық қоғамның мемлекеттік билікке сенімін арттыруын, қоғам мен билік арасындағы қатынасты нығайту, мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында алқалы дөңгелек үстел отырысының күн тәртібіне енгізіліп отыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауларында айтылады. Онда барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нақты көрсетеді. Сондай-ақ, оның деңгейін төмендетудің маңызды факторы барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың сапалы және тиімді жұмыс істеуі болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіліктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында, «Барлық мемлекеттік мекемелер мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару мекемелерінің басшылары өз құзіреті шегінде осы Заңның талаптарын орындауды және онда көзделген тәртіптік шараларды қолдануды, бақылауды, заң қызметтері мен басқа да қызметтерді осыған тарта отырып, қамтамасыз етеді» – деп көрсетілген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуші органга басқа мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органының қызметкері жөнінде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлаған қызметкерлерге, құқық қорғау органының қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуші органның ұсынуы бойынша тәртіптік ретпен қызметінен босатуға немесе тиісті міндеттерді атқарудан өзгедей түрде босатуға дейін жазаланады. Сыбайлас жемқорлыққа жол берген қызметкерлер қылмыстық жазаға тартылады. Сала бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарау тәртібін қадағалау, ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заң талаптарын қатаң сақтау, орындаушылық тәртіпті нығайту жұмыстарына қазіргі таңда қатаң бақылау орнатылған.
Бүгінгі күні «Ұлттық сараптама орталығы» Ресей, Германия, Литва, АҚШ, Ұлыбритания, Нидерландия, Индия, Франция, Австрия, Австралия мен Жапониядан алынған заманға лайықты медициналық құрал жабдықтармен жұмыс жүргізілуде. Бұл біздің мүмкіншілігімізді кеңейтті. Улы химикаттарды, ауыр металдарды, радиокүштілік элементтерді, түрлі зиянды химиялық заттарды, ГМО-ны және ИФА, ПЦР, атомды абсорбциялық спектрометр, газды және сұйықты хромотограф аппараттарында жұқпалы ауруларды басқа да сынамаларды бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық зертханалармен анықтау диапазоны кеңейді. Сынамалар нәтижелерін дәлдікпен, сапалы жүргізуге, мерзімін кысқартуға, жаңа аппаратурада анықталатын зерттеулердің үлес салмағының 30-дан 80-ге, кейбір зертханаларда 100 пайызға дейін көтерілуіне қол жеткізілді. Ал соңғы жылдары алынған жылжымалы автолабораториямен облыстың қай жерінде, болмасын кез-келген уақытта зерттеу мүмкіншілігі туды.
Осы саладағы метрология және стандарттау бөлімінің басты бағыты – зертханаларда жүргізілетін зерттеулердің сапалы жүргізілуін, олардың нормативтік құжаттармен, реактивтермен, бакпрепараттармен, шыны ыдыстармен, медициналық құрал-жабдықтар және өлшем құралдарымен қажеттілігін анықтау, уақытылы қамтамасыз етілуін қадағалау. Екіншіден жыл сайынғы алынатын барлық медициналық құралдарды жұмысқа толығымен пайдалануын қадағалау, жүргізілетін зерттеулердің сапасын жақсарту, құралдармен жасалатын зерттеулердің үлес салмағын арттыру бойынша жұмыс жүргізу. Кедендік аймақта мемлекеттік тіркеуден өтетін тауарларға сараптама жасауды ұйымдастыру, ол үшін зертханалдарда мемлекетаралық стандарттар мен зерттеулердің жаңа әдістерін игеруге жұмыстар жүргізу, құрал жабдықтарды жыл сайын мемлекеттік тексеруден өткізуді жатқызамыз.
2011 жылдан бастап Біріңғай Кедендік Одақ комитетінің шешімімен бекітілген сырттан әкелінетін заттарға токсикологиялық бақылау орнату және азық-түлік қауіпсіздігін сақтау үшін қабылданған техникалық регламенттер бойынша Ұлттық сараптама орталығының бактериологиялық, паразитологиялық, санитарлық-химиялық және радиологиялық зертханалары ЖШС «Ұлттық Аккредиттеу орталығынан» 5 жыл мерзімге аккредиттациядан өткен.
2017 жылы 001/2011, 002/2011, 003/2011, 010/2011, 011/2011, 016/2011, 005/2011, 007/2011, 008/2011, 009/2011, 017/2011, 019/2011, 025/2012, 015/2011, 021/2011, 023/2011, 024/2011, 027/2012, 029/2012, 033/2013, 034/2013, 035/2014 техникалық регламенттер көрсеткіштері енгізілді. Қалған техникалық регламенттер көрсеткіштері аккредитация аумағын кеңейту жұмыстарына қосылды. Бұдан біздің зертханаларымыздың кез-келген зерттеулерді сапалы жүргізе алатынын көруге болады. Оған қоса бұл жұмыстарды жүргізу үшін мамандардың алыс және жақын шетелдерде және өз елімізде бір емес бірнеше рет білімділік деңгейін көтергенін, еліміздің басты мекемелерінің шетел ғалымдарының қатысуымен өткізген семинарларына қатысу, олардың жоғары деңгейде жұмыс жүргізе алатындығын көрсетеді.
Ф.ҚАЛИЕВА,
Ұлттық сараптама орталығының облыс бойынша филиалының директоры.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<