ЖАҢА ИНТЕРНЕТ – РЕСУРС

337

0

Қызылорда қаласында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы және Қызылорда қаласының 200 жылдығы аясында арнайы http://www.qorda.kz/ сайты өз жұмысын бастады. 

Үкіметтік емес ұйымдар арқылы «Арнайы сайт жұмысын үйлестіру» жобасы бойынша жасалған интернет-ресурсты «Ұшқыр жебе» ҚҚ ұйымы әзірлеп, жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. 

Жоба жетекшілері осы арқылы жер­лес­теріміз бен қала қонақтарына ақпараттық қолжетімділікті қалыптас­тыруды көздеп отыр.  

Осы мақсатта сайтта қаладағы әлеуметтік нысандар,  мәдени ошақтар, ойын-сауық орта­лықтары, демалыс орындары, саябақтар, мейрамханалар мен қонақ үйлер секілді қажетті барлық нысандардың мекен-жайы көрсетіліп, олар туралы ақпараттар берілген.

Интернет-ресурстан Қызылорда қаласының 200 жылдық мерекесі аясында ұйымдастырылатын шаралар туралы толық ақпарат алуға болады.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ла­масының «Ақпарат толқыны» кіші бағ­дарламасын жүзеге асыруға ба­ғыт­талған аймақтағы алғашқы интернет-ресурста қала әкімдігінің әлеу­меттік желілердегі (Facebook, Вконтакте, Іnstagram, Qyzylorda Open) па­рақ­шаларына тікелей кіруге мүмкіндік жасалған.

Қалалық ішкі саясат бөлімі маман­дары­ның айтуынша, жақын күндері «Ақыл­ды қала» жобасы аясында «Q City» атты мобильді қосымшасы іске қосылады.  Қосымша арқылы қала әкімдігімен тіке­лей байланыс жасап, түрлі салаға қатысты мәселелерді шешуге мүмкіндік туады.

 

 «СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<