Қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы оныншы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы бокс кешінде ол америкалық Роб Брантпен қолғап түйістірді. Қарсыласы – WBA нұсқасы бойынша орта салмақта әлемнің экс-чемпионы.
Бүгінгі жекпе-жек он раундқа жоспарланған еді. Дегенмен сегізінші раундтан кейін Роб Брант рингке шығудан бас тартты. Осылайша қазақстандық боксшы жеңіске жетті.
Айта кетейік, алтыншы раундта ол қарсыласын нокдаунға түсірді.
Жәнібек Әлімханұлы өзінің кәсіби бокстағы оныншы жеңісіне қол жеткізді. Ал Роб Брант үшінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татып отыр.
Сонымен қатар, Жәнібек бұл кеште «қазақ стилін көрсетуге» уәде еткен болатын. Жекпе-жекті «Хабар» телеарнасы көрсетті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<