Жәнібек Сыздықов – жаңа қызметте

785

0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысында бірыңғай конкурстық комиссия шешімімен Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымына Сыздықов Жәнібек Шәкімбайұлы тағайындалғаны хабарланды.

Облыс әкімі басқарманың жаңа басшысын таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында 2025 жылға дейін жергілікті маңызы бар жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту туралы тапсырма берді. Бүгінде өңірдегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жай-күйі 82 пайызды құрайды. Биыл бұл көрсеткішті 87 пайызға жеткізу үшін 585 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердегі көшелерді жөндеуге бюджеттен 36 млрд. теңге бағытталды. Бөлінген қаржы өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артты. Дегенмен, қол жеткізген нәтижелерге тоқмейілсімей, бұл жұмыстарды одан әрі жандандыруымыз керек», – деді аймақ басшысы.

Актив отырысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев басқарма басшысын жаңа қызметімен құттықтады.Жәнібек Шәкімбайұлы 1987 жылы дүниеге келген. М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы «Қазавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда облыстық филиалында жол жұмысшысы болып бастаған.2009-2013 жылдары жеке және мемлекеттік жол құрылысы мекемелерінде еңбек еткен. 2013-2023 жылдары «Автомобиль жолдары басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бөлім бастығы, директордың өндіріс жөніндегі орынбасары лауазымдарында болған.2023 жылдың сәуір айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жәнібек Сыздықов – жаңа қызметте

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<