Жәнібектің жеңісі

1251

0

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тың Техас штаты Розенберг қаласында өткен бокс кешінде кәсіпқой бокстағы он бесінші жеңісіне қол жеткізді. Ол WBO және IBF санаты бойынша орта салмақта екі белбеуді сарапқа салып, неміс боксшысы Винченцо Гуальтьериді нокаутқа жіберіп, жекпе-жекті ерте аяқтады.

Ұйымдастырушылар жекпе-жек он екі раундқа созылады деп жоспарланған еді. Алғашқы сәтте қарсыласына дәл соққы жасап, есеңгіретіп тастаған Жәнібек  алтыншы раундта қарсыласын техникалық нокаутқа жіберді.

Осылайша қазақстандық былғары қолғап шебері кәсіпқой бокста он бесінші жеңісіне қол жеткізді. Нәтижесінде өзінің жүлделер санын WBO және IBF белбеулерімен толықтырды.

Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылы 1 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген. Әуесқой бокста 2013 жылы Әлем чемпионы атанса, 2013-2014 жылдары Азия құрлығында мықтылығын көрсетті.

– Бұл – қазақ стилі, біз оны тарихта қалдырғымыз келеді. Алғашқы сәттен осы тактиканы таңдадық. Қарсыласымның бірден шабуыл жасамайтынын білдім. Ол менің шаршаған сәтімді күтті. Бірақ, мен жекпе-жекке тыңғылықты дайындалдым. Қазір менде екі нұсқа бойынша чемпиондық атақ бар. Ендігі кезекте дивизиондағы бүкіл төрт белбеуді жинағым келеді. Оны Top Rank ұйымдастырса, мен оған дайынмын, – деді Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектен кейінгі сұхбатында.

«СБ» ақпарат

*сурет ашық дереккөзден

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<