Жәрмеңке: базар бағасынан төмен

500

0

Жаңа оқу жылы қарсаңында жылдағы дәстүр бойынша «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы бастау алды. Аталған акция 5-30 тамыз аралығында өтеді.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастамасымен мектеп формасына арналған ауқымды жәрмеңке Қорқыт ата көшесі бойындағы «Small» сауда орталығында ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге келушілер қарасы мол көрінді.

Жәрмеңкеге жергілікті «Ас-Ка», «Ақжүрек» мүгедектер қоғамы, «Бибі-Айша», «Zere», «Бақ-Ару» тігін цехы және басқа кәсіпкерлер өз өнімдерін ұсынуда.

– Жәрмеңкеде мектеп формалары нарық бағасынан төмен әрі жоғары сапада сатылымға шығады. Сондай-ақ, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына да арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Жәрмеңкенің басты мақсаты – балаға қажетті мектеп құралдарын бір жерден алуын қамтамасыз ету. Қызылорда қаласында 5-30 тамызда, аудандарда 16-19 тамыз аралығында жалғасады, – дейді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы Жадыра Ахметова.

Жәрмеңке жалпы көпшілікке арналған. Мұндай маңызды шараның өткізілгені –ата-аналар үшін үлкен қуаныш. Қала тұрғыны Шолпан Себенова жәрмеңкені есітіп, балаларына қажетті оқу құралдарын алуға келіпті.

– Екі балам мектепте оқиды. Соларға керек киімдерін сатып алып жүрмін. Барлығы базар бағасынан төмен. Ұйымдастырушыларға үлкен рахмет! – дейді ата-ана.

Т.ШАЙДУЛЛАҰЛЫ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<