Жәрмеңке жалғасуда

192

0

Сенбі күні қаланың екі аумағында Жалағаш және Арал аудандарының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Оған қала тұрғындары қатысып, тиімді бағада азық-түлік қорын молынан алды. 

Жәрмеңке облыс орталығында әр сенбі күні тұрақты ұйымдастырылып келеді. Алтын күзде жиналған мол өнімді шаруалар осылайша халыққа ұсынуда.

Жалағаш ауданының шаруалары 45 жүк көлігімен 150 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізді. Атап айтқанда, 40 тонна күріш, 3 тоннадан астам ет пен балық, 1 тоннадан астам сүт өнімдері, 40 тонна картоп, 10 тонна сәбіз, 20 тонна пияз, 10 тонна асқабақ, 12 тонна көкөніс, 4 тонна қызылша базар нарығынан 15-20 пайыз арзан бағада саудаланды.

Қала тұрғыны Самал Сәрсенбаева жәрмеңкеге көкөніс, ет, сүт өнімдерін алу үшін келеді.

– Бұл – диқандардың еңбегі ақталар кез. Ауылдан сарқыт келетіндей әр жәрмеңкені тосамыз. Қазір базарға сирек барамын. Қысқа қамданып, күріш, асқабақ, ара балын және тосаптар алдым. Бағасы қалтаға қонымды әрі табиғи өнім. Көкөніс пен жеміс-жидекті де қаптап алып жатырмын, – дейді ол.

Бұдан бөлек, жәрмеңке С.Торайғыров көшесінің бойында Арал ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жалғасты. Аралдық шаруалар 30 тоннадан астам азық-түлікті тұрғындарға арзан бағада ұсынды. Жәрмеңкеде адам қарасы көп болды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<