«Жағдай тұрақты»: Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда маймыл шешегінің таралу қаупіне баға берді

1903

0

Фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Қазақстанда маймыл шешегінің таралу қаупі туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Вице-министр маймыл шешегінің даму ықтималдығы өте аз екенін айтты.

Нұрлыбаевтың сөзінше, маймыл шешегін жұқтырған кезде жалпы интоксикация және қызару пайда болады. Ауру алғаш рет 2022 жылдың мамырында тіркелгеннен бері 99 000-ға жуық жағдай расталды, оның ішінде 189 адам қаза болды. Ведомствоның мәліметінше, маймыл шешегі Гана, Конго, Камерун, Либерия, Нигерия және Орталық Африка Республикасында таралған.

«Бүгінде республикада эпидемиологиялық жағдай тұрақты, ауруды жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ, оның ішінде көршілес елдердегі эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жүргізіліп жатыр. Бұл инфекция анықталған елдер тізімі үнемі жаңартылып отырады», – деді вице-министр үкімет отырысында.

Бұл инфекцияның жұқпалылығы, ғалымдардың айтуынша, төмен. Жағдай денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында.

«Қазақстан аумағында індеттің пайда болу ықтималдығы аз, соған қарамастан министрлік бұл инфекцияның елге келуіне жол бермес үшін барлық қажет профилактикалық шараларды қабылдады. Инфекцияға күдікті науқастарды анықтау кезінде медициналық қызмет көрсетудің әртүрлі сценарийлері бойынша іс-шаралардың алгоритмдері әзірленді. Дәрілік заттардың қажет қорын құру шаралары қабылданды. Медицина қызметкерлерін диагностикалық және емдеу әдістеріне оқытудың қайталанатын циклдары жергілікті жерде жүргізіледі. Бүгінде бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы мен төтенше жағдайға қарсы іс-қимылдың республикалық жоспары дайындалды, – деді Ержан Нұрлыбаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<