Жаһандық бәсекеде ұлттық білім беру жүйесінің маңыздылығы

4940

0

Ұлттың ұлт болып қалыптасуы үшін тілі мен діні, жері қаншалықты маңызды болса, оның рухани дүниесі де соншалықты мән – мағынаға ие. Ұлттық мәдениет сол халықтың дәстүрлі дүниетаным, тарихи – мәдени және эстетика – этикалық ұстанымын, тілі мен дінін, болмыс – бітімін айғақтап, әлемдік өркениеттегі орнын айқындайтын рухани құндылықтардың мәйегі.

Тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ өркениетінің алдында ұлттық архитиптерді сақтай отырып, оларды қазіргі әлемдік өркениет құндылықтарымен үйлестіруде Қазақстан үшін бүгінгі ғаламтану дәуірінде жаһандану желеуімен кіріп жатқан, мәдени төмендеуге ұшырататын көптеген діндік, ділдік ықпалдар қалып қою қаупі де жоқ емес.

Тәуелсіздік жылдарында еліміз екі процесті – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қатар жүргізіп, белгілі бір нәтижеге жетті, қазіргі уақытта жаңа тарихи кезеңге – Рухани жаңғыру кезеңіне аяқ басты. Рухани жаңғыру бізден ұлттық санамызды қалыптастырып, бәсекеге қабілетті болып, кез-келген мәселеге прагматистік тұрғыдан келуді, жалпы алғанда ұлттық бірегейлігімізді сақтай отырып дамуымызды талап етеді. Рухани жаңғырудың ең басты шарты – «білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу».

Бүгінгі күннің жаңалығы ретінде мектептегі оқу – тәрбие үрдісінде Дінтану пәнін енгізу жоғарыда айтылған мәселелерді шешудің дұрыс таңдап алынған бағыты болары хақ.

Қазіргі мектеп – бұл гуманистік, дамытатын бағыттағы, үйлесімді жеке тұлғаны тәрбиеге қабілетті ашық жүйе десек, қоғамның дамуына байланысты білім беру жүйесіне жаңа құндылықтар енуде, сонымен қоса білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда.

Қазіргі жаһандану кезеңінде өмір мен ғылым, оқушылар мен мұғалім еңбегі, сіз бен біздің қалай өзгеріске ұшырайтынымызды қайта ой елегінен өткізуді мұғалімнен талап ететін уақыт. Осы мәселелер қазіргі өзгермелі қоғамда полимәдениетті, көп ұлтты әрі поликонфессионалды кеңістікке араласуға дайын, қабілетті тұлғаның дамуына бағытталған білім беру мен тәрбиелеу мазмұнын қайта қарауды талап етеді. Соның ішінде сапалы білім алу мәселесінің мәні артуда. Оны жаңа сапаға көтеру – қоғамдық мәселеге айналуда.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында: «білім беру жүйесі міндеттерінің бірі: ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау және белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық – саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру» – деп көрсетіледі. Ал бұл міндеттерді жүзеге асырудың шарттары ретінде: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу сияқты ауқымды мәселелер алынған.

Қазақстан Республикасының 2011 – 2020 жылға дейінгі «Білім беруді дамыту бағдарламасында»: «Бүгінгі білім берудегі басты мақсат – тек білім, біліктілік, дағдылар жүйесі ғана емес, осы білімді өмірде қолдана алу, өз бетімен білім алу, өзгерістер заманында тиімді өмір сүріп, жұмыс істеу дағдыларын дамыту» делініп, осы мақсат негізінде сапалы білім беру міндеті айтылады. Осы ретте білім беру мекемелері жаңа білім сапасына сай мемлекеттік сұраныс пен тапсырысты орындауы талапқа сай жүргізілуі тиіс.

Жаңартылған бағдарлама бойынша әлемдік білім беру жүйесі бәсекеге қабілеттілікке қарай білім алушыны баулу, қоғамнан өз орнын таба білетіндей сапалы маман болуына бағытталынған. Ал осы уақытқа дейін біздің елімізде жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар күтілетін нәтижеге көз жеткізбей, түрлі әсер етуші факторлар ықпалымен мамандық таңдап, ақыр соңында сол оқыған мамандықтары бойынша жұмысқа тартыла алмай отырғаны бәрімізге белгілі. Орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу бағдарламалары оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдылары қайталанып тексеріліп отыратын спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы моделіне негізделген.[2]

Оқу үдерісінің алға ілгерілеуі айқан көрінуі үшін, оқу мақсаттары өзара тоғысқан бөліктер мен бағыттарға біріктірілген.

Мұғалімдер пайдаланатын әдіс оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Педагогикалық әдістерді жетілдірмей тұрып, оқу бағдарламасын өзгерту білім беру стандарттарына қатысты реформалау шараларының мүмкіндіктерін және нәтижелілігін төмендетеді.

Жаңартылған бағдарлама бойынша әр мұғалім төмендегідей нәтижелерге қол жеткіздік: • жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымына;

• жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұны мен жүйесіне;

• оқу бағдарламасының және оны іске асырумен байланысты құжаттамалардың мақсаты мен рәсімделуіне;

• білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық тәсілдерді меңгеруге.

Барша педагог қауымның алдында тұрған кезекті мақсат – 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайындағы педагогтардың кәсіби құзырлықтарының ғылыми-әдістемелік негіздерін қалыптастыру. Осы орайда, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу кезеңдерінің талаптарына сай педагогтардың біліктілігін арттыру курстарынан өтуі қатаң ескертілуде.

Дегенмен, білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама – қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеп соғуда. Сол себепті мұғалімдердің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог – мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды, олардың кәсіби компетенттілігі негізінде жүзеге асыру қажеттілігі туындайды. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігімен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды.

Компетенция – жеке тұлғаның таным мен тәжірибе арқылы жетіп меңгерген мәселелерінің жиыны десек, «компетенттілік» – компетенцияға ие болу дегенді білдіреді.Сонда білім беру саласындағы компетенция – оқыту мақсаты,компеттенттілік-оқыту нәтижесі деп қарастырамыз.

Оқытудағы «компетенттілік тәсіл» оқушыға қойылатын мектептегі талап пен өмірлік талаптарды ұштастыру.

«Түйінді компетенттілік» деп адамның өмір сүруіне қажетті және өзгермелі қоғамда кәсіби қызметінде табысты болуына байланысты компетенттіліктерді айтады.

Еуропалық кеңес түйінді компетенттіліктің 5 тобын ұсынады:

1.Саясижәнеәлеуметтіккомпетенттілік (жауапкершілікті өз мойнына алу, ортақ шешім қабылдауға қатысу, кикілжіңді реттей алуы)

2.Көп мәдениетті қоғамға қатысты компетентілік (мәдениеттердің ерекшеліктері айыру, түсіну, өзгелерге шыдамдылық,басқа мәдениет адамдарымен бірге өмір сүре алу)

3. Ауызша және жазбаша қарым – қатынас мәдениеті (бірнеше тіл білу)

4.Ақпараттық компетенттілік (жаңа технологияны меңгеру, түсіну, қолдану, артық кемін өлшеу БАҚ құралдары таратқан ақпарлар мен жануарлардың сыни тұрғыдан бағалау қабілеті)

5. Өзін – өзі жетілдіруді компеттентілік.

Қазақстандық ғалымдар ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігінде кіріктіру және қоғамдық сұраныстарға жауап беру мақсаттарына сәйкес,білім берудегі компетенттілік үлесіне зерттеулер жүргізіп, оны мектеп практикасынаенгізу мүмкіндіктерін қарастыра бастады. Өйткені,білімді компетенттілік тұрғысынан ұйымдастыру қоғамның мүддесіне де, білім саласы қызметкерлерінің мүддесіне де сай келеді.

Яғни, біздің білім беру жүйесіне ұқсайды, бірақ айырмашылығы – мектеп оқушыларына отбасынан басталатын ұлттық тәрбиені кейде терең ұғындыра алмауымыздан болуы мүмкін. Ата – бабаларымыз салып кеткен тәрбие соқпағы ғасырлар бойы қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан құндылығы. Олай болса, тәрбие бастауы ата – ана мен мұғалімі мен балаға ұласып жатуы – шарттылық болып табылады.

Баян Бимурзаева,

№56 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, жаңақорған ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<