«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы туралы сөз қозғады

468

0

Фото автордан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Ұ.С.Саркуловтың төрағалығымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылуы мәселелері бойынша мәжіліс өткізілді. (бейне-конференц байланыс арқылы)

Кеңеске өңірлік Антикор басшысы Е.Мақажанов, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары А.Зебешев, облыстық құрылыс және білім басқармаларының басшылары, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның облыстық филиал директоры Е.Қонақбаев, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры П.Сыздық қатысты.

Жиын барысында ҚР Оқу-ағарту министрлігі және «Samruk-Kazyna Construction» басшылығы күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасады.

Агенттік басшылығымен аталған жобаға байланысты тиісті тапсырмалар берілді.

Қызылорда облысы бойынша 2024-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 12 300 орынға арналған 21 мектеп салу қарастырылған.

Алдағы уақытта жобаны іске асыру бойынша бірлескен жұмыстар атқарылатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<