«Жайлы мектеп»: Жалағашта жаңа мектеп салынады

685

0

Бұл туралы аудан әкімі А.Есжанов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте айтты.

Жалағаш кентінде 2022 жылдың қазан айында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында жалпы құны 571,5 млн. теңгені құрайтын 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.

Ал биыл жоба-сметалық құжаттары дайын №123 мектеп-лицейге қосымша ғимарат салу, №31 және №33 мектептерді күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізіледі.

— «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында Жалағаш кенті орталығынан 300 орындық жаңа мектеп құрылысын салу жоспарлануда. Қазіргі таңда 1,3 га жер телімі бекітіліп берілді. 2023 жылы жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, 2024 жылы мектеп құрылысы басталатын болады, — деді аудан әкімі.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<