«Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан нысандардың құрылысы тоқтатыла ма

702

0

Фото: primeminister.kz

«Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан нысандардың құрылысы бекітілген жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Бұл туралы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-тан мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы 2023-2025 жылдары аралығында жүзеге асырылады. Білім ошақтарын салып, қолданысқа тапсыру екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезең 2023-2024 жылдарды қамтиды. Бұл аралықта ел бойынша 208 білім ошағын халық игілігіне тапсыру көзделіп отыр. Тағы 151 мектептің құрылысы 2024 жылы басталып, 2025 жылы қолданысқа беріледі. Бүгінде болашақ 208 мектептің жер учаскелері бөлініп, құрылысқа дайындық жұмыстары толығымен аяқталды», — деп атап өтті компаниядан агенттіктің ресми сауалына орай.

Ұсынылған мәліметке сәйкес, ұлттық жоба бекітілген жоспарға сай жүзеге асырылып жатыр.

«Нысандарды консервациялау жоспарланбаған. Болашақ мектептердің жобалық-сметалық құжаттамасы «Мемсараптама» РМК қортындысын алғаннан кейін құрылыс жұмыстары жалғасын табады», — деді «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-тан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<