Жайылымды жерлердің 73 пайызы қамтамасыз етіледі

529

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгінде ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы облыстың стратегиялық ресурсын ұтымды пайдалану жөніндегі міндеттер кешенін іске асыруды жалғастыруда. Соның негізгісі – елді мекендер айналасындағы жайылымдық жерлердің тапшылығын азайту. Бүгінгі таңда облыс бойынша 1966,5 мың гектар жайылым қажет болса, бүгінде оның 73 пайызы қамтамасыз етілді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, пайдаланылмаған немесе заңсыз пайдаланудағы жерлерді мемлекетке қайтарып алу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. Мәселен, жыл басынан бері 225,4 мың гектар жер шаруашылықтардан қайтарып алынып, бекітілген жоспар 112 пайызға орындалды. Бұл бойынша әкімдіктер тұрғындармен кездесулер өткізіп, түсіндірмелер берілуде. Сондай-ақ, барлық шаруашылықтар басшыларына жылына 2 рет халық алдында есеп беру жиналысын өткізу бойынша тапсырма берілді. Ауылдық елді мекендердегі тұрғындардың жеке мал басын жайылыммен қамтамасыз ету үшін мыңнан астам шаруашылықпен келісім жүргізілді. Оның ішінде, 630,6 мың гектар жайылымдық алқаптары, 124,2 мың гектар егістік алқаптарын маусымында кедергісіз пайдалануға шаруашылық басшыларымен келісім жасалды, – деді басқарма басшысы

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<