Жалағаш ауданында жағымды жаңалық көп

350

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жалағаш ауданының әр саласында оң көрсеткіштер қалыптасып, экономикалық әлеуеті қарқынды дамуда. Мәселен, 2023 жылы ауданда өнеркәсіп өнімінің көлемі 100 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 100,3 пайызға, инвестиция тарту көрсеткіші – 144,4 пайызға, бөлшек сауда көлемі 103,9 пайызға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 103,9 пайызға, ал пайдалануға берілген тұрғын үйлер 104,9 пайызға ұлғайды. Сондай-ақ, былтыр 5,6 млрд теңгені құрайтын 40 жоба жүзеге асырылып, өз жұмыстарын бастады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов хабарлады.

-Жалағаш ауданында жыл көлемінде ілкімді істер жүзеге асырылып, нәтижелі жұмыстар орындалды. Соның ішінде, былтыр аудан бюджеті 10,8 млрд теңгені құрап, 99,9 пайызға атқарылды. Ал өз кірістеріміз 100,7 пайызды құрап отыр. Биыл аудан қазынасы 10,2 млрд теңге көлемінде бекітілді. Бұдан бөлек, аудан халқы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті бастауға және оны дамытуға айтарлықтай белсенділік танытуда. Соның нәтижесінде, өткен жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3001-ге жетті. Қазіргі таңда оның 95,2 пайызы нақты жұмыс істеуде. Ал қаржы институттары арқылы 206 жоба қаржыландырылып, нәтижесінде 207 жаңа жұмыс орны ашылды. Ауданымызда өндірістік жобаларға да басымдық берілуде.

Атап айтқанда, былтыр өңдеу өнеркәсібіне бағытталған инвестициялық жобалар пулы аясында 2 жоба іске асырылды. Ауылдарды дамыту жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ. Елді мекен инфрақұрылымы дамып, өндіріс орындары ашылып, көркейту-абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мәселен, «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 22 жоба қаржыландырылды. Бұл жұмыстар биылғы жылы да жалғасын табады, – деді аудан әкімі.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<