Фото: ашық дереккөз
Жалағаш кентінде орталықтандырылған газ желісі 2021 жылдың шілде айында пайдалануға берілді. Қазіргі таңда Жалағаш кентіндегі 2520 тұрғын үй және 9 әлеуметтік, 108 кәсіпкерлік нысандары орталықтандырылған газ желісіне қосылған. Бұл аудан халқының 39,5 пайызын құрайды.
Ақсу және М.Шаменов елді мекенін газдандыруға жоба – сметалық құжаттар әзірленіп, қаржыландыруға бюджеттік өтінім тапсырылды.
Аудандық бюджеттен Таң, Жаңақоныс, Аққұм, Бұқарбай батыр, Қаракеткен, Далдабай елді мекендеріне газ желісін тартуға жоба – сметалық құжаттарын әзірлеп, сараптамадан өткізу үшін 38,0 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Жалағаш кенті «Ақтерек» учаскесіндегі жаңа тұрғын үй ауданының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының газбен жабдықтау жүйесінің құрылысына биылғы жылға республикалық бюджет есебінен 603 млн. теңге қаржы бөлінді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<