Жалағаштықтар ұлттық экологиялық науқанға белсене қатысты

516

0

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігі

Бүгін наурызнаманың он күндігіне сәйкес Жалағаш ауданы бойынша «Тазару күні» өтті. Ұлттық зкологиялық науқан аясында аудан әкімі Ардақ Ибраимов Жалағаш кентінің аумағын қоқыстан тазарту жұмыстарымен танысып, сала бойынша жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берді.

Тазару күнінде аудандағы барлық мекеме ұжымы бөлінген аумақтарды, көшелерді, жол жиегіндегі арықтарды күл-қоқыстан арылтып, тазалық жұмыстарының қарқын алуына өз үлестерін қосты.

Жалағаш кенті және ауылдық округтерде ұйымдастырылған жаппай сенбілік жұмыстарына аудан бойынша 142 мекемеден 1450-ге жуық адам қатысып, 12 дана техника жұмылдырылды.

Сенбілікте жабайы шөптер шабылып, қураған талдар кесіліп, аяқ су жүретін арықтар қураған жапырақтардан тазартылып, 13,5 тоннаға жуық күл-қоқыстар белгіленген орындарға шығарылды.

Жиналған қоқыстарды шығаруға Жалағаш кенті бойынша жауапты мердігердің, ауылдық округтер бойынша шаруа қожалықтардың техникалары жұмылдырылды. Жалағаш кенті және ауылдық округтердегі талдар мен бордюрларды әктеу, парктер мен аллеяларды тазалау жұмыстары жүргізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<