Жалған құжат жасатқандар өз ақшасына екпе алады – Бекшин

733

0

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг кезінде екпе төлқұжатын сатып алған адамдарды иммундауға қатысты ұсыныс айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Бекшин вакциналау паспортын қолдан жасатқан азаматтар өз қаражатына екпе салдыру керек дейді.

– Мұндай ұсынысты тұрғындар жасады және мен оларды қолдаймын. Олар залал келтіреді. Біріншіден, олар вакциналанбаған, екіншіден, вакцина барлық дерлік жағдайда төгіледі. Сондықтан олар өз қаражаты есебінен екпе алуы керек деп есептеймін. Көптеген адамдар қазірдің өзінде өз қателерін түсініп келіп жатыр. Бұл – жұмсалған бюджет қаражаты, – деді Бекшин.

Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцина тегін. Сондықтан Бекшин ақылы иммундау қанша тұратынына жауап бере алмады.

kaz.orda.kz