Жалпыға бірдей декларация туралы баяндады

418

0

Бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Үстіміздегі жылдың 9 айында мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдері 67 млрд. 896 млн. теңгені құраса, жергілікті бюджеттің түсімі 14 млрд. 924,9 млн. теңгені құрап, 2022 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда түсім 6 млрд. 550,5 млн. теңгеге артқан. 2023 жылдың 1 шілдесіне жеке тұлғаларды қоспағанда барлығы 38 708 салық төлеуші тіркелген, оның ішінде 30 794 салық төлеуші дара кәсіпкер.

Жеке тұлғалардың жер, мүлік және көлік құралдары салықтары бойынша 01.10.2023 жылғы жағдайға 10 450 жеке тұлғадан барлығы 396 995,0 мың теңге берешек сома қалыптасып отыр. Берешек сомаларды бюджетке өндіру үшін салық органы тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. ЖСО тарапынан берешектерді өндірту мақсатында жеке тұлғалардың мүлкіне, банктік шоттарына шектеу қойылып, ірі көлемде берешегі бар СТ-дің ҚР аумағынан шығуы шектелуде. Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында, қала тұрғындарының назарына 2023 жылдың 1-қазанында 2022 жыл үшін жер, мүлік салықтары бойынша төлеу мерзімінің аяқталғандығын ескерте отырып, мүліктері бойынша жер, мүлік және көлік құралдары салықтарын төлеуге шақырамын,- деді басқарма басшысы.

Бұдан бөлек, брифингте жалпыға бірдей декларациялау туралы баяндалды.

Салық есептілігін тапсыруға тиісті мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың қызметкерімен оның жұбайларының 90,2% салық есептілігін ұсынса, бұдан бөлек, 10 136 жеке тұлға декларацияларын уақытылы ұсынып отыр. Тапсыру мерзімінен кешіккен 2 098 жеке тұлға бойынша Салық Кодексінің 114-бабы, 2-тармағының, 6-тармақшасына сәйкес хабарламалар жолданды.

Декларацияларды «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ «App Store» немесе «Play Market»-тен «e-Salyq Azamat» және «eGov mobile» мобильді қосымшаларын жүктеу арқылы тапсыруға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<