Жалпыға бірдей декларация және мобильді аударымдар мәселесін түсіндірді

491

0

Фото: Қармақшы ауданы әкімдігі

Бүгін аудандық жыраулар үйінде салық кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шараға аудан әкімі аппаратының басшысы Е. Бекенов, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Г. Қарымсақова, аудандық кірістер басқармасының басшысы Д.Қосбергенов және жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтар, кент, ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында Г. Қарымсақова жалпыға бірдей декларация және мобильді аударымдар туралы түсіндірме жүргізіп, жеке кәсіпкерлер мен тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Одан соң, Е. Бекенов айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша кент, ауылдық округ әкімдеріне бірқатар тапсырмалар жүктеп, жиынды қорытындылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<