Жалпыға бірдей декларациялау және мобильді аударымдар

563

0

Фото: Қала әкімдігі

Бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов 2023 жылдың негізгі қорытындылары менжалпыға бірдей декларациялау, мобильді аударымдар және кәсіпкерлердің қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдамау фактілері туралы баяндады.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 3-ші кезеңі басталды. Үшінші кезеңде заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, сондай-ақ дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары (зайыптары) 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін декларация ұсынуға міндеттелген. Декларацияларды «Салық төлеушінің кабинеті», «Электрондық үкімет» порталы, сондай-ақ «App Store» немесе «Play Market»-тен арқылы «e-Salyq Azamat» және «eGov mobile» мобильді қосымшаларын жүктеу арқылы тапсыруға болады.

– Мобильді аударымдарды тексеру заңсыз кәсіпкерлікті анықтауға бағытталған. Кейбір кәсіпкерлер сатылған тауарлар мен қызметтер үшін төлемдерді мобильді аударымдар арқылы алады. Алайда, бұл аударымдар бақылау кассалық машиналарын, Post-терминалдарды, QR-кодтарды қолданбай жүргізеді, фискалды чектер ұрылмайды. Соған сәйкес, тұтынушылардың құқықтары бұзылады.Айта кету керек, мобильді аударымдардың барлығы бірдей тексерілмейді. Түрлі тұлғалардан үш ай қатарынан ай сайын жеке банктік шотқа 100-ден астам аударым жүргізілген тұлғалар жатады,- деді басқарма басшысы.

Мобильді аударымдарды бақылау шаралары адал салық төлеушілерге әсер етпейді.Бұл ретте, жеке тұлғалар өздерінің жеке мақсаттары үшін мобильді аударымдар жасай және қабылдай алады.

– Сондай-ақ, кәсіпкерлердің қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдамау фактілеріне тоқталатын болсақ. ҚР «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңының 25-бабында төлемдерді жүргізудің бірнеше тәсілдері көрсетілген. Соған сәйкес, кәсіпкерлердің қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тартуы заңсыз болып табылады және тұтынушылардың құқығын бұзады. Бұл жөнінде тұлға бейнетіркеумен (видеофиксация) расталған бұзушылық фактілері туралы салық органына хабарлауға құқылы. Ең маңыздысы – кәсіпкерлер бизнес-процестердің заң талабына сай жүруін қамтамасыз етулері керек»,- деп қорытындылады басқарма басшысы Фердауси Қожабергенов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<