Жалпықазақстандық диктант жазылды

940

0

Бүгін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен, «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ мамандарының атсалысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Жалпықазақстандық диктант этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту мақсатын көздейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда «Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс» деген сөзі осы шараның мағынасын айқындайды. Ауқымды шара этномәдени бірлестік өкілдері, жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, кітапхана қызметкерлерінің, этнос жастарының, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен Достық үйінде, облыстық Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында, облыстық Жастар ресурстық орталығында және барлық аудандардарда ұйымдастырылды.

Диктант мәтінін облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Ортаева Ләззат Абайқызы облыстық басқармалар қызметкерлеріне, директордың орынбасары Айдана Махамбет «Достық үйінде» этномәдени бірлестік өкілдеріне, орталық оқытушысы Әсел Бахытова Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапхананың қызметкерлеріне, орталық оқытушысы Алтынай Орынбаева «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлеріне диктант мәтінін оқыды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<