Жалынды жастарға марапат

1081

0

Тәуелсіздік мерекесіне орай облыстық «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері марапат төрінен табылды.

Жалынды жастарға марапат

Жыл бойы ізденіспен еңбек етіп, таңдаған саласын алға сүйретуге атсалысқан жастар облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мен облыс әкімі орынбасары Серік Ахметтің Алғыс хатын иеленді.

Жалынды жастарға марапат

Салтанатты шарада орталық директоры Бауыржан Мастеков бұл  ұжым мерейі, ортақ істердің нәтижесі, үздіксіз жалғасқан бастамалардың жемісі екенін айтты және 29 жылда еліміз жеткен жетістіктерді баяндады.