Жамбы ату спортының Азия стилінен жүлделі үш орынды да қазақстандық спортшылар жеңіп алды, деп хабарлайды «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметі.
Спортшылар 11 топқа бөлініп, өз тобынан мықтылар келесі айналымға шықты. Жарыс нәтижесі бойынша Батыр Бексауыт алтын жүлдеге ие болды.
Күміс медальді Айтбек Сарыбай еншілесе, қола жүлдені Ералхан Айкөз иеленді.Жамбы атудан бәсеке «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатыр.
Сайысқа 27 мемлекеттен 78 спортшы тіркелген.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<