Жамбыл облысында жарақат алғандар бар, тұрғындар эвакуациялануда – Президент

668

1

Жамбыл облысына Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрлері, Ішкі істер вице-министрі ұшып кетті. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жамбыл облысына Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрлері, Ішкі істер вице-министрі ұшып кетті. Таяу маңдағы елді мекендердің тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің шамамен 30-ы жарақат алды», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, өрт салдарын жою жөніндегі жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс қозғалған. ТЖМ, ІІМ бөлімшелері оқиға орнына шоғырландырылған. Темір жол қатынасы уақытша тоқтатылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<