Бүгін аудан орталығы – Әйтеке би кентінің 5-ші квартал аймағындағы Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектептің жанында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Мұнда жергілікті кәсіпкерлер барлығы 5 көлікпен 25 тонна өнім әкелді. Оның ішінде ұн, өсімдік май, картоп, жуа, балық және өзге де өнімдер төмендетілген бағада сатылды. Жәрмеңкеге келушілердің қатары көп болды.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, жәрмеңкеге шығарылған заттар базар бағаларымен салыстырғанда, бірнеше пайызға арзанға ұсынылған.
Айта кетейік, өткен аптада аудан орталығы – Әйтеке би кентінде болған жәрмеңке бүгін 5-ші квартал аймағында өтсе, алдағы уақытта Қазалы қаласында жалғасатын болады.
Қазалы ауданы әкімінің
баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<