«Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауының жеңімпаздары анықталды

560

0

Байқауға қатысу үшін 12 номинация бойынша 300-ге жуық өтінім түскен. Шорт-листке 48 жұмыс енді. Жеңімпаздарға 1 млн теңге ақшалай сыйақы мен «Тұмар» мүсіншесі берілді деп хабарлады turkystan.kz.

Ұлттық телевизиялық бәйгенің жеңімпаздары:

«Үздік ақпараттық бағдарлама» – «Дневной формат» («Atameken Business» телеарнасы);

«Үздік әлеуметтік жоба» –  «Жанашыр» («Жетісу» арнасы);

«Үздік журналистік зерттеу» –  «Арнайы репортаж» («Хабар 24» телеарнасы);

«Үздік аналитикалық бағдарлама» – «Apta» («Qazaqstan» ұлттық телеарнасы);

«Үздік ток-шоу» – «1001 түн»(«Qazaqstan» ұлттық телеарнасы);

«Үздік ойын-сауық бағдарламасы» –  «Түнгі студия» («Jibek joly» телеарнасы);

Телевизия майталманы Камал Смайылов атындағы «Үздік деректі фильм» номинациясы – «Абайдың соңғы күндері» деректі фильмі («Хабар» агенттігі);

Отандық тұңғыш телевизия аниматоры, суретші, кинорежиссер Әмен Қайдаров атындағы «Үздік анимациялық фильм» номинациясы – «Дәрігер Дана» (Rio Production ютуб-каналы);

«Үздік аймақтық телеарна» – «Caspian news» телеарнасы (Атырау облысы);

«Үздік тележурналист» – Әйгерім Мұздыбаева («Еуразия» бірінші арнасы);

«Үздік тележүргізуші» – Еркін Байғабылұлы («Хабар 24» телеарнасы) және Светлана Булатова («КТК» телеарнасы).

Амангелді Сейтхан атындағы «Үздік спорт комментаторы» номинациясы – Есей Жеңісұлы («Qazsport» телеарнасы);

Сонымен қатар отандық телевизияның дамуына сіңірген еңбегі үшін «31 арна» арнайы жүлдеге ие болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<