Фото: облыстық музей
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде газ саласының имиджі мен беделін арттыру, әртүрлі жылдарда еңбек еткен мамандар мен ардагерлеріміздің ерен еңбектерін насихаттау үшін жасақталған «Қызылорда облысының газ саласының тарихы» экспозициясының салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шараға облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Нұрмағанбетов, «Газ саласы ардагерлерінің республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерқанат Темірханов, облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағалары Серік Дүйсенбаев пен Сұлтанбек Тәуіпбаев және газ саласының ардагерлері мен сала мамандары қатысты.
Аталған экспозиция «Газ саласы ардагерлерінің республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерқанат Темірхановтың бастамасымен жасақталды. Экспозицияға архив құжаттары, әр жылдардағы қызмет еткен басшылардың фотосуреттері, қолданыстағы түрлі қондырғылар және марапаттар қойылды.
Іс-шараны басқарма басшысы Руслан Нұрмағанбетов ашты. Ол Сыр өңіріндегі газ саласы экспозициясының ашылуына бастамашы болған, газдандыру жұмыстары туралы тарихи қадамдарды насихаттап, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға қолдау көрсетіп жүрген сала қызметкерлеріне алғыс білдірді.
Экспозицияның лентасын қоғамдық бірлестік төрағасы Ерқанат Темірханов пен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев қиды. Іс-шара соңында қонақтар көрме экспозициясымен танысып, естелік суретке түсті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<