Жаңа кәсіпкерлік нысан ашылды

447

0

Фото: Қармақшы ауданы әкімдігі

Бүгін Жосалы кентіндегі «Зұлхарнай» сауда үйінің ашылу салтанатына аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы қатысты.

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан кәсіпкерлік саласына ерекше ден қойылып, бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытында ауданда ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі бүгін есігін айқара ашқан «Зұлхарнай» сауда үйі тұтынушылардың күнделікті сұра­нысын барынша тиімді бағамен сау­да­лайтын болады.

Сауда үйінің кент орталығынан ашыл­уы тұрғындар үшін тиімді. Олар базарлық алуға енді бізге келеді. Біздің сауда орталығымызда тұрмыстық заттар және басқа да бұйымдар сатылымда бар. «2021-2022 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде несие қаражатын алып, тұрғындардың қажеттілігін нарық бағасынан арзан қамтамасыз ету мақсатында ашқан нысанымызда 5 жұмысшыға жұмыс беріп отырмыз,– дейді сауда үйінің басшысы Бақытбек Қалыбаев.

«Мемлекет кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау үшін тиімді тәсілдер қолданып жатыр. Атап айтқанда, гранттар, шағын және жеңілдетілген несиелер беріледі. Аймақтардағы кәсіпкерлердің санын айтарлықтай көбейту үшін мемлекет тарапынан қолдау шараларын күшейту қажет», – деген ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес қолдау тапқан нысан ел игілігіне қызмет ететін болады.

©️Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<