Қармақшылық еңбек ардагері Жақсыбай Жакеевтың «Өркен жайған өнеге» атты кітабы жарыққа шықты.
Аталған кітапта балалық шақтары, мектептегі қимас кезеңдері, институт қабырғасындағы қызықты шақтары, құрылыстағы қалған қолтаңбалары, сәулетші кезеңдері, Қорқыт атамыздың ескерткіш белгісінің 41–ші орнын таңдау. Коммуналдық шаруашылық мекемелеріндегі қайнаған күндері. Жосалы механикалық зауытындағы жылдар. Бұрынғы өзі істеген коммуналдық шаруашылық мекемедегі өмір. Бәрі-бәрі сұрыптаудан өткен.
Қорқыт ата ескерткіштерін қолға алып орындау. Райисполкомның орынбасары уақыттарындағы еңбектері, одан аудан әкімі орынбасары уақытындағы атқарған қызметтері баяндалады. Жаны жайсаң ағалары мен інілерін еске алған автор Октябрь шаруашылығындағы жұмыстары, күрделі құрылыс басқармасы жайлы сыр шертеді.
Міне, бұл кітапта тәуелсіздіктің алғашқы жылдары атқарылған алуан істер мен азаматтың атқарған еселі еңбектері топтастырылған.
«СБ» ақпарат»
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<