Жаңа кодексте жаңалық көп

461

0

2020 жылдың 29 маусымында жаңа әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қабылданды. Бұлжаңа кодекс ішкі әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру тәртібімен, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен байланысты қатынастарды реттеуге бағытталған. Кодексте жария-құқықтық қатынастардан туындайтын бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды немесе заңды мүдделерді қорғау және қалпына келтіру мақсатында сотқа берілген талап ретінде әкімшілік талап ұғымы көзделген. Осы Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушылары мемлекеттік, әкімшілік органдар, лауазымды тұлғалар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар.

Кодекс азаматтарға мемлекеттік органмен дауды сотқа дейін де шешуге мүмкіндік береді. Яғни, уәкілетті органның әрекетімен немесе шешімімен келіспейтін азаматқа заңды құқықтарын қорғау мақсатында  дәлелдемелерді ұсынуға мүмкіндік беріледі.

Егер азамат мемлекеттік органның шешіміне қанағаттанбаса немесе онымен келіспесе, оның бұзылған заңды құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.

Мемлекеттік органның қателігі жеке тұлғаға зияның тигізбеу керек. Қарапайым азаматтың күші мемлекеттік аппараттың күшімен пропорционалды емес және салыстыруға келмейді. Ал жаңа әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қарапайым халыққа өз мүддесін, құқықтарын қорғауға заң аясында көмегін береді. Осылайша, сот талқылауында іс бойынша екі жақтың күштері тең болатын алаң құрылады. Бұл осы Кодекстің негізгі принциптері. Осылайша бұл кодекс заңдылықты, әділеттікті орнатуға жол береді.

Сонымен қатар, кодекс бойынша тараптарды бір мәмілеге келтіріп, дауды медиация тәртібі арқылы шешуге мүмкіншілік берілген.

Сондай-ақ, істі парасатты және рационалды мерзімдерде қарау, талаптарды қарау рәсімі жеңілдетілген, прокурордың іске қатысуы азайтылған. Ал, сотпен қабылданған шешімінің орындалуы сот бақылауына жүктеледі. Сот шешімі міндетті түрде орындалуы керек, ерікті түрде орындалмаған жағдайда, сот белгіленген мөлшерде ақшалай өндіріп алуды қолданады.

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Президенттің жарлығы негізінде Республиканың барлық облыстарында  және қосымша 4 қалада, барлығы 21 арнайы аталған санаттағы әкімшілік істерді қарайтын жаңа мамандандырылған әкімшілік соттар ашылып, өз жұмыстарын атқаруда. Кодекс Ішкі әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру тәртібімен, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен байланысты қатынастарды реттейтін болады. Бірнші сатыдағы сот шешімімен келіспеген жағдайда, оны облыстық және Жоғары сотта қайта қарау үшін шағым беруге болады.

Әкімшілік әділет институты заң үстемдігін қамтамасыз етудің кепілі. Бұл институт мемлекеттік басқару рәсімдеріне тұрғындарды көптеп тартуды көздейді. Сонымен қатар, сот төрелігінің ашықтығына, сапасына, сот жүйесіне деген сенімді нығайтады.

Олжас Абдукаликов,

Қызылорда қаласының  әкімшілік құқық бұзушылықтар

жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<