Жаңа лауазымға тағайындалды

471

0

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының 2023 жылғы 13 ақпанындағы №02-15/16 бұйрығымен басқарма басшысының орынбасары лауазымына Ибраев Уалихан Серікұлы тағайындалды.

Уалихан Серікұлы 1981 жылдың 13 шілдесінде Қызылорда қаласында дүниеге келген.Жоғары білімді. 1998-2002 жылдары Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша білім алған.Тарих ғылымдарының кандидаты (2009 ж.).

Еңбек жолын 2002 жылы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың «Жалпы тарих» кафедрасында ассистент-оқытушы болып бастаған.

2003-2006 жылдар аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология ғылыми-зерттеу институтының күндізгі бөлімінің аспирантурасында оқыған;

2007-2014 жылдары «Жалпы тарих» кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, «Тарих және қазақ филологиясы» факультеті деканының орынбасары, «Гуманитарлық-педагогикалық» мамандықтар бойынша сырттай оқу факультеті деканының орынбасары, «Еуразиялық өркениет және Сыр өңірі» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, «Тарих, құқық және экономика» институты директорының оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары;

2014-2015 жылдары аралығында «Қызылорда облысы әкімі аппаратының қоғамдық келісім орталығы» КММ-нің ғылыми сараптама және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;

2015-2020 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры;

2020-2021 жылдары «Сыр медиа» ЖШС Бас директорының орынбасары, «Рухани жаңғыру» орталығының директоры, «Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының «Рухани жаңғыру» орталығы» КММ директоры;

2021 жылдың желтоқсан айынан бастап Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының ҚХА хатшылығы-этносаралық қатынастар жөніндегі бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

2022 жылдан бүгінге дейін Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің басшысы қызметінде еңбек еткен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<