Жаңа мектептің құрылысы басталды

436

0

Қазалы ауданы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2 мектептің құрылысын салу жоспарланған болатын. Осыған орай жақында Жанқожа батыр ауылындағы 300 орындық мектептің құрылысы басталды. Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Жанқожа батыр ауылына арнайы барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Қазіргі таңда жаңа білім ордасының жер учаскесі дайындалып, тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс барысын көрген аудан басшысы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы мен мердігер мекеме жауапты қызметкеріне құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы жүргізілуін қадағалауды тапсырды.

Білім ордасының құрылысы толықтай аяқталғаннан кейін «Жайлы мектеп» жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықталады. Сондай-ақ оқушылардың сапалы білім алуына толық жағдай жасалып, жоғары және бірінші санатты мұғалімдер құрамының пайыздық үлесін, педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға барлық жағдай жасалады.

Айта кетейік, «Жайлы мектеп» жобасы бойынша Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығында салынатын 600 орындық мектептің құрылысы келер жылы басталмақ.

Аудан басшысы құрылыс нысанынан кейін ауылдағы №94 мектеп пен «Жауқазын» балабақшасының жылу маусымына дайындық жұмыстарын да пысықтады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<