Президент кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли Үкімет басшысын тағайындау рәсімі жөнінде пікір білдірді.
Оның айтуынша, Конституцияға сәйкес Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясы ұсынған кандидатураны қарайды.
«Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мақұлдаған жағдайда, келісім алу үшін оны Парламент Мәжілісінің қарауына енгізеді. Мәжіліс келісім берсе, Президент жаңа Премьер-Министрді тағайындайды. Содан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамын жасақтау процесі басталады», — дейді Берік Уәли.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<