Шиелі ауданының 52 жастағы тұрғыны жеке басын куәландыратын ешқандай құжаты болмауына байланысты Шиелі аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесіне 2021 жылдың қазан айында жүгінген. Азаматтың өтініші негізінде тиісті мемлекеттік қызмет көрсетіліп, қазіргі таңда азаматтың құқықтық мәртебесі реттелді, яғни Қазақстан Республикасының жеке куәлігімен құжаттандырылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Облыстық Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің қызметкерлерімен аудан көлеміндегі мүлдем құжат алмаған, КСРО-ның 1974 жылғы ескі үлгідегі паспортымен жүрген азаматтарды анықтау, барлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалана отырып, оларды тез арада құжаттандыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<