Жаңа қызметке шығарып салды

707

0

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен өткен актив отырысында аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаевты жаңа қызметке шығарып салды.

«Жұлдызхан Байназарұлы ауданда 4 жылға жуық абыроймен қызмет атқарды. Оның 1 жылға жуық уақытында аудан әкімі аппаратының басшысы қызметінде болды. Жұмысты ұйымдастыру қабілеті және білім-біліктілігі ескеріліп, 2021 жылдың ақпан айынан бастап аудан әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Жұмыс жасаған жылдары ауданымыздағы экономика, қаржы, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық, ветеринария салаларына жетекшілік жасады. Жұлдызхан Байназарұлы аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған уақыттарында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына едәуір үлес қосты», – деді Жандос Еркінбекұлы.

Аудан басшысы осы салада атқарған еңбегі үшін Жұлдызхан Байназарұлын ауданның ең жоғары марапаты «Құрмет грамотасымен» марапаттады.

Ⓒ Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<