Жаңа қызметке шығарып салды

375

0

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

Бүгін Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен өткен актив отырысында аудан әкімінің орынбасары Жарқын Омаровты жаңа қызметке шығарып салды.

«Жарқын Тұрмаханұлы аудан әкімінің орынбасары қызметінде 4 жылдан аса абыроймен қызмет атқарды. Ауданымыздағы білім, денсаулық сақтау, мәдениет, ішкі саясат және әлеуметтік салаларына жетекшілік жасады. Жарқын Тұрмаханұлы аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған уақыттарында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосты. Атап айтқанда, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша екі мектептің құрылысы басталды. 2023 жылы жаңадан 3 дәрігерлік амбулатория салынып, ел игілігіне берілді. Коронавирус індеті өршіп тұрған кезде індеттің алдын алу, эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін аянбай еңбек етті», – деді Жандос Еркінбекұлы.

Аудан басшысы осы салада атқарған еңбегі үшін Жарқын Тұрмаханұлына аудан тұрғындарының атынан алғыс білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<