Жаңа жабдықтар алынды

25

0

Қызылорда облысы әкімдігінің, денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен облыстық перинаталдық орталыққа 19,5 млн теңгенiң анестезиялық-тыныс алу аппараты және 55, 6 млн теңгеге үш операциялық шам сатып алынды.

Бұл заманауи медициналық жабдықтар орталықта көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, күрделі операцияларды жоғары деңгейде жасауға, ана мен бала өмірін сақтауға мүмкіндік береді.

Анестезиялық-тыныс алу аппараты операция, шұғыл көмек көрсету кезінде қауіпсіз анестезия жасауға арналған. Құрылғы жоғары дәлдікпен пациенттердің денсаулығын барынша қорғайды.

Ал операциялық шамдар күрделі хирургиялық шаралар кезінде жарықтың тура түсуін қамтамасыз етiп, дәрігерлердің жұмыс сапасын жақсартады, қауіпті азайтады.

Медициналық техникалар ана мен бала өмірін қорғау жұмысын жаңа сатыға көтереді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<