Жаңа жоба іске аспақ

431

0

«Болашақ» қауымдастығы «Болашаққа сеніммен» жобасы арқылы 11-12 сынып оқушыларына мамандық таңдауға көмектеспекші. Бұл туралы қауымдастық кеңесінің мүшесі Мұхтар Манкеев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін біз ресми түрде «Болашақ» қауымдастығының атынан жаңа жобаны бастағалы отырмыз. «Болашаққа сеніммен» жобасы мектеп бітіріп жатқан түлектерімізге өзінің кәсіби бағдарын, кәсіби жолын таңдай білуіне арналған нақты жоба болмақ.

2022 жылы біз пилоттық негізде 40-тан астам мектепте кездесулер өткізіп, 3 мыңнан астам оқушыны қамтыдық. Оның бәрі 10,11,12 сыныптағы болашақ түлектер. Мамандық таңда кезінде оларда қандай триггерлер, қандай стимулдар болу керектігін «Болашақ» менторлары арқылы үйретеміз», – деді қауымдастық өкілі.

Айтуынша, бұл жоба науқандық шара болып қалмау үшін жүйелі түрде дамытуға күш салынбақ.

«2023 жылы Болашаққа сеніммен» деген жобаны «Болашақ» түлектері қауымдастығының атынан бастайық деп жатырмыз. Басты менторлар деген топ жасақтап жатырмыз. Осы жобаға қатысқысы келетін азаматтарды шақырамыз. Бүгінгі брифингті пайдаланып, өздерін қоғам белсендісі деп білетін азаматтардың бәрін бізге жүгініп, байланыс мәліметтерін берге шақырамыз. Ұйымдастырушылар сол мәліметтер бойынша кері хабарласып, көмек береді. Олармен де кездесулер өткізуге дайын екенімізді айтқым келеді», – деді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<