Жаңа жоба жүйесін таппақ

517

0

«Ақ босаға» әйелдер қоғамдық бірлестігі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қаржыландыруымен «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығының грантының аясында «Қызылорда облысындағы жұмыссыз мүгедек әйелдерді қоғамға дайындау» (психологиялық қолдау, кәсіби бейімдеу және бағдарлау) жобасын жүзеге асыруда.

Бұл жобаның мақсаты – Қызылорда өңіріндегі мүгедектігі бар әйелдерге психологиялық қолдау көрсету, түрлі тренингтер арқылы кәсіби бейімдеу және бағдарлау. Жоба аясындағы міндеттерінің бірі«Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қоғамдастық деңгейінде қолдау көрсету» психологиялық тренингтер ұйымдастыру және кәсіби бағдардан өтіп, жұмысқа тұруларына қолдау көрсету. «Ақ босаға» әйелдер қоғамдық бірлестігі жүзеге асырған бұл жобаға ең күшті және белсенді мүмкіндігі шектеулі әйелдерді өмірге деген құштарлық пен шексіз махаббат біріктіріп отыр. Жобаға Қызылорда қалалық жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жұмыссыз әйелдер қатысуда. Біз өз тарапымыздан жоба аясында түрлі мемлекеттік бағдарламаларға дайындап кәсіптік оқыту курсынан өтуге мүмкіндік жасап, жобаға қатысушылардың өз ісін ашуына қолдау көрсетудеміз – дейді жоба жетекшісі Зейнар Тажиева.

Жоба басшылығы осы мәселе бойынша салалық принцип негізінде мемлекеттік органдарға үндеу ұйымдастырды, ұсынымдармен шықты, ол қолдау тауып отыр. Қазір жобаға жұмысымен 20-ға жуық мүмкіндігі шектеулі  әйел қамтылып отыр. Жоба аясында қолөнер мамандығын меңгерген 2 әйел жұмысқа орналасып, 3 әйел тігін ЖК «Акмаганбетова Т», ЖК «Алинур» тігін цехында курстан өтуде. Сол жерде жоба қатысушыларына түрлі тренингтер өткізілуде. Сондай-ақ, жоба қатысушылары Қарттар үйіне сыйлыққа ортопедиялық кілемшелер дайындап, бірлескен тренингтер өткізуді жоспарлап отыр.

Жобаға қатысушы Күләш Мәлікқызының айтуынша, өңірдегі мүмкіндігі шектеулі жандардың ең өзекті мәселелерінің бірі – қоғамның оларға деген сенімсіздігі, тіпті мүгедектер қоғамының өзіне деген сенімсіздік танытады. «Көп сөзге берілмей, нәтижелі жұмыс істеп жатқанымызды көргенде, адамдардың көзқарасы өзгере бастайды. Мәселен, киізден түрлі бұйымдар жасаймыз, ұлттық камзол тігеміз. Кейбіреулер бізді уақытында дайындап үлгермейді немесе денсаулыңы жарамайды деп бізге тапсырыс беругеқорқады. Осы себепті бізді жұмысқа қабылдамайды немесе жеке кәсібімізді ашуға несие бермейді. Бірақ олар біздің жігерімізді, жаңа білім мен дағдыларды алып ілгері жүргенімізді көргенде, бізге сенеді, бұдан асқан біз үшін мотивация жоқ шығар»-дейді.

Жоба аясында ұйымдастырылған психологиялық тренингте өзін – өзі дамыту жане басқаруға арналған мотивациялық жаттығулар жүргізілуде. Тренинг барысында жобаға қатысушылар жобаға дейін және одан кейінгі нәтижелерін талдауда. NARXOZ университетінің профессоры, әлеуметтанушы, халықаралық тренер, PhD доктор Абенова Кулзада Әбдрахманқызы тренер ретінде шақырылды. Жоба бойынша шаралар қараша айына дейін жалғасатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<