Жаңа жобалар сапалы аяқталу қажет

417

0

Жалағаш ауданы бойынша 2023 жылы пайдалануға берілетін құрылыс нысандары аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың тұрақты бақылауында.

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов Жалағаш кентіндегі теміржол арқылы өтетін аспалы көпір құрылысының жұмыс барысымен танысып, мердігер мекемеге құрылыс нысанын уақытынан кешіктірмей сапалы аяқтау қажеттігін тапсырды.

Сондай-ақ, дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылысына жауапты мердігер бүгінгі күнге дейінгі ішкі жұмыстарды аяқтап, құрылыс нысанының ауласына жарық орнату, спорттық жабдықтар әкелу және сыртқы тазалық жұмыстарын үйлестіруде.

Естеріңізге сала кетейік, Жалағаш ауданы бойынша ұлттық жоба аясында Мырзабай ахун және Есет батыр ауылдарында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Мемлекет тарапынан қолдау тапқан ауқымды жобалардың ел игілігі үшін қолайлы қызмет көрсетуі құрылыс сапасымен тікелей байланысты болғандықтан, аудан әкімі Ардақ Ибраимов сала басшыларына күнделікті жұмыс барысын қатаң бақылауда ұстап отыруды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<