Жаңа жұмыс орнын ашу мәселесін көтерді

449

0

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің халықпен кездесуі Иіркөл, Жосалы, Қармақшы ауылдық округтерінде жалғасты.
Кездесуде ауылдық округ әкімдерінің атқарған жұмыстары тыңдалып, алдағы жоспарлар талқыланды.

Одан соң аудан басшысы Ж.Еркінбек сөз алып, әр елді мекеннің даму мүмкіндігіне қарай әлеуметтік – экономикалық жағдайын көтеру, ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыру, елді мекеннің инфрақұрылымын жүргізу, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

Сондай-ақ, ауыз су, жол жөндеу, абаттандыру, электрмен қамтамасыз ету мәселелері бойынша да тиісті шаралар қабылданатындығын атап өтті.
Сонымен қатар, Иіркөл мен Жосалы ауылдық округтерінде балалар ойын алаңдары салынатындығын және Қармақшы ауылында су қабылдайтын құрылғы пайдалануға беріліп, тарихи желдерменнің жөндеуден өтетіндігін айтты.

Кездесу соңында аудан әкімі құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге азаматтарға жеке қабылдау жүргізіп, тұрғындардың талап тілектерін тыңдай келе, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Аудан әкімі аталмыш елдімекендерге жұмыс сапары аясында Жосалы ауылдық клуб үйінің және №199 мектебінің жай-күйімен танысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<