Жаңа жылдың бірінші күні республика перзентханаларында 782 бала, 398 ұл және 384 қыз, оның ішінде үш жұп егіз дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметке сенсек, мереке күні туған нәрестелердің ең көбі тағы да Түркістан облысында тіркелген – 115 бала.
Екінші орында – оңтүстік мегаполис Алматы 83 балаға толықты.
Үшінші – Шымкент қаласы, онда бірден 69 сәби дүниеге келді.
Ел астанасында 1 қаңтарда 60 нәресте өмір есігін ашты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<