Жаңа жылдық салаттарды қанша күннен кейін жеуге болмайды?

252

0

Фото: depositphotos.com

Ресей биотехнологиялық университетінің (ROSBIOTECH) қоғамдық тамақтану жөніндегі маманы, доцент Дмитрий Быстров кейбір жаңа жылдық тағамдарды бірнеше күннен кейін немесе дайын болғаннан кейін лақтырып тастау керегін ескертті. Маман көп адам білмейтін жаңа жылдық дастархандағы тағамдардың максималды жарамдылық мерзімін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru сайтына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, «Оливье» салатын екі күн ғана сақтауға болады. Өйткені оның құрамында жұмыртқа мен майонез бар.  Майшабақ салаты (подшуба) – үш күннен бес күнге дейін, желе еті – дайындалғаннан кейін үш күннен бес күнге дейін ғана жарайды. 

«Алайда бұл тағамдардың барлығы тоңазытқышта сақталса ғана өз сапасын сақтайды», – деп атап өтті Быстров.

Маман қызыл уылдырықтың сырты ашылған болса, оны тоңазытқышта бес күннен артық сақтауға болмайтынын айтты. Винегрет салатын екі күн ішінде тұтыну керек және оны тотығуды болдырмау үшін ауа өткізбейтін контейнерде сақтау керек, деп қосты Быстров. Сондай-ақ, оны еті тез бұзылатын өнімдердің бірі деп атады. Мүмкін болған жағдайда – оны екі күн ішінде дайын күйінде тұтыну керек.

«Әсіресе, ет пен балық тағамдарын дұрыс әзірлемесе немесе жайсыз температурада сақтаса, ұзақ уақыт сақтау қауіпті», – деп ескертті маман.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<